2023-2024 оқу жылында тегін ыстық тамақпен қамту!!!
«Ас адамның арқауы » дегендей балалар мен жасөспірімдердің денсаулығынның мықты болуы кез келген қоғам үшін маңызды .Бүгінгі жас ұрпақ – еліміздің ертенгі келешегіміз .Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 2023-2024 оқу жылының 1-ші қыркүйегінен бастап Қазақстанның барлық мектептеріндегі 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады.
Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында «Әл-Фараби атындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде » 1-4 сыныптарда 1069 тегін ыстық тамақпен қамтылды. Қазақстан Республикасының Үкіметінің №64 қауылысы бойынша 5-11 сыныптар аралығындағы 156 санаты бар оқушы ыстық тамақпен қамтылды . Жаңа оқу жылында асханамызға бір кіргенде 160 оқушы кіретіндей орын жасалды.Алматы облыстық Білім Басқармасының бекітілген мәзірі бойынша дайындалады.