«Құқықтық тәртіп бұзу- болашағыңа балта шабу» » "№31 орта мектебі"
"Алматы облысының білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Әл-Фараби атындағы №31 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 745-60-56
Эл.почта:
talgar_mektep31@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқықтық тәртіп бұзу- болашағыңа балта шабу»
28
октябрь
2017

«Құқықтық тәртіп бұзу- болашағыңа балта шабу»

Қыркүйек айында 9-11 сынып оқушыларын қатыстырып «Құқықтық тәртіп бұзу- болашағыңа балта шабу» тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. «Жас барыс» қоғамдық сақшылар тобы құрылып, жұмыс жоспары жасалып бекітілді.Қоғамдық сақшылар мектеп оқушыларының тәртібіне қарап, кезекшілік жасап, сабақтан кешіккен оқушылармен жұмыс жүргізді.
2017 жылдың 6 қазан күні 8-11 сынып оқушыларымен №31 орта мектепте Нюсупова Айгуль Бахтыбаевна - Талғар ауданының прокуратурасының аға прокуроры, Нурмуханбетова Ақмарал Ануарқызы - Талғар ауданының жасөспірімдер ювеналды тобының инспекторымен кездесі өтті. Кездесуге 297 оқушы, мектеп директоры Садвакасова Қ. мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер қатысты.
Әлеуметтік желілерді баланың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үлгіттің теріс ықпалынан қорғау мәселелері жөнінде Талғар ауданының жасөспірімдер ювеналды тобының инспекторы Нурмуханбетова Ақмарал Ануарқызы айтып өтті.
Кәмлетке толмаған арасындағы құқық бұзушылық алдын алу және балалардың қараусыздығы мен панасыздығын болдырмау туралы Талғар ауданының прокуратурасының аға прокуроры Нюсупова Айгуль Бахтыбаевна таныстырды. Барлық оқушылардың пайдаланып жүрген смартфон телефондағы тіркелген кез-келген сайттарға абай болып, үнемі қадағалауды сұрады. Түнгі мезгілде 22.00.-ден кейін ата – анасыз түнгі клубтарда, ойын-сауық орталықтарында кәмілет жасқа толмаған балаларға жүруге болмайтын туралы ескертілді. Ұрлық пен тонау, төбелес т.б. қылмыстық әкімшіліктен жазаға тартылатындығы туралы ескіртілді.
Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы күрес (бопсалау, қорқытып алу) деректі фильм көрсетілді.
Тарих пәні мұғалімі Жайлыханова Гүлжайна «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет» атты баяндама оқыды.
Талғар АІІБ ЮПТ-ң аға инспекторы Нурмуханбетова Ақмарал Ануарқызы оқушыларға зорлық – зомбылық, ұрлық – тонау, есірткі заттарын сату, сатып алу, қорқыту, бүзақылық т.б. туралы айта келе, оларды әкімшілік және қылмыстық кодекстің кейбір баптарымен таныстырды.
«Нашақорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстөл өтті.
Дөңгелек үстөлге қатысқан:Талғар АІІБЖПК ЮПТ аға УПИ полиция подполковник Бейсенбаева Айгуль Каппасовна,Талғар АІІБ ЖПК аға ЮПИ полиция майоры Нурмухамбетова Ақмарал Ануаровна, Талғар қаласының Орталық Ауруханасының психологы Утебаева Меруерт Сапаровна.Рахметов Ержан Нараевич Нурпеисова Үміт Маратовна. Мектеп директоры Садвакасова К.А қатысты. Есірткі туралы видео ролик көрсетілді. Мектебіміздің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Баймолдаева «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет» атты баянда оқыды. Мергенова Анара Маратовнана 8 сынып арасында «Реальная наркогенная ситуация в детско-подростковой среде» дисбут өткізді. Флэшмоб 8 сыныптар «Шынықсаң шымыр боласың» өнерлерін көрсетті. 9 г,д сыныптары салауатты өмірге шақырады «Темекіні жеміс – жидекке айырбастаймын» атты акция өткізді.

Похожие публикации:

28 октябрь 2017 Білім күні аясында
27 октябрь 2017 Мектеп ұжымы