Жалпылама оқуға тарту » "№31 орта мектебі"
"Алматы облысының білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Әл-Фараби атындағы №31 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 745-60-56
Эл.почта:
talgar_mektep31@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
октябрь
2017

Жалпылама оқуға тарту

Оқу жылының басында сынып жетекшілер әлеуметтік есептерін өткізіп, мектеп бойынша жетім оқушы 1, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған1оқушы, жартылай жетім 74, көп балалы -219, толық емес отбасы -11, әлеуметтік жағдайы төмен-15 оқушы бар екендігі анықталды.
Жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыға оқушылардың әлеуметтік жағдайын қорғау мақсатында комиссия құрылып, жылдық іс-шара жоспары жасалынды. 2016 жылдың 29 шілдесінде комиссия мүшелерінің отырысы өткізіліп, тамыз айына бөлінген 700000 (жеті жүз мың) теңге қаржыны оқушылардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, 37 оқушыға көмек көрсетілді. Әр оқушының ата-аналарының есепшоттарына 20000 теңгеден қаражат түсіп, ол қаржыға мектеп формасы, мектепке керекті құралдар алып берді/ чекте көрсетілген/. Комиссия мүшелері оқушылардың құжаттарына, ата-аналардың өтініштеріне сүйене отырып, төмендегі оқушыларға бөлінген қардыға сапалы киімдерді ата-аналармен бірге алып беру қоғамдық иниспектор А.Тегенбаева тапсырылды.
Жалпылама білім беру қорынан қаражатты мақсатты жұмсау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамызда қабылданған «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралары туралы» №812 қаулысын, Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңын жүзеге асыру және мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мақсатында Талғар аудандық білім бөлімінің 2016 жылдың 01 қыркүйектегі №225 –Н бұйрығын негізге ала отырып, мектептің 2016 жылдың 01 қыркүйектегі №240-Ө бұйрығы шығарылды. Мектеп директоры Садвакасова Қ, бір тараптан және жеке тұлға Р.Мансурова, екінші тараптан келісім-шартты жасасты.
Жалпылама білім беру қоры қаржысынан тегін ыстық тамақ ішетін оқушылармен жүргізілетін іс-шара жоспары жасалды. Ыстық тамақпен қамтамасыз ету сапасын бақылау үшін комиссия құрылды. Комиссия мүшелерінің отырысы өткізіліп, хаттамасы жасалды. Жартылай жетім, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен, көмекті қажет ететін оқушылардың тізімі анықталып, тиісті құжаттары жинақталды. Жетіл-1, асыраушысынан айырылған-1, көпбалалы-45, әлеуметтік жағдайы төмен-12, толық емес отбасы-3, жартылай жетім-21. Мектеп әкімшілігі бастауыш сынып мұғалімдері тарапынан асханада кезекшілік ұйымдастылды. Күделікті оқушылардың асханаға барып, қайтуы кезекшілік тарапынан бақыланды. Күнделікті мектеп асханасының «Ас мәзірі» бұрышында оқушыларға арналған ас мәзірі ілініп тұрады. Мектеп медбикесі А.Ишпекбаева және әлеуметтік педагог Алимбекова Ж кесте бойынша асхананың тазалығын және ас мәзірін, күнделікті тағамның дәмін тексетіп отырады. Асханаға қажетті құжаттар талапқа сай реттелген. Асханада 6 жас пен 14 жас және 16 жасқа дейінгі оқушыларға арналған ас мәзірі жасадынады. Аспазшылар өздеріне міндеттелген жұмыстарын сапалы істейді. Сонымен қатар асхананың санитарлық жағдайы жақсы. Оқушылардың бір күндік тамақ құны 270 теңге.Апатасына бір рет әкімшіліктің кезекші комиссиясы тексереді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамызда қабылданған «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралары туралы» №812 қаулысы, Облыстық білім басқармасының 01.08.2016 № №403 –н, Талғар аудандық білім бөлімінің 2016 жылғы 02 тамыз №199-Н бұйрығын негізге ала отырып 2016 жылдың 13 тамыз №181-Ө бұйрығы шығарылды.
2016 жылдың 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында «Мектеп жол» дәстүрлі акциясы өткізілді. «Мектепке жол» акция барысында штаб құрылып, аз қамтылған отбасы балаларын оқуға тарту және демеушілер тауып жағдайы нашар отбасыларына көмек ұйымдастырылды.
Осы акция барысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары, жетім, жартылай жетім,көпбалалы отбасы балаларына қамқор болып жүрген демеушілерге сұраныс берілді.
Олар ТОО «Тараз Агро Пром Сервис» Директор Токишев Анвар Бекболатұлы асыраушысынан айырылған Назарбекұлы Бауыржан, әлеуметтік жағдайы нашар Сембекова Гүлжазға аяқ киім, мектеп формасы, сумка сұраныс бойынша 20 000 мыңнан 40 000 мыңға қамтамас етті.
Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі Тұрлашов Әмірхан Ләззатұлы әлеуметтік жағдайы нашар Азимова Мунира, көпбалалы Рысбай Аружанға спорттық аяқ киім, мектепке керекті құрал жабдықтар, сумка сұраныс бойынша қамтамас етті.
«Нұрбастау» шапағат қорының президенті Раханов Арман Халықұлы аз қамтылған ІІ топ мүгедегі Жұмағазы ұлы Ғазизға, көпбалалы Асенбай Елшібайға мектеп формасы, спорттық аяқ киім мектепке керекті құрал жабдықтар, сумка сұраныс бойынша қамтамас етті.
Қымызқана «Дәстүр», жеке кәсіпкер Курманбаева Рая әлеуметтік жағдайы төмен Оразалы Мейрванға мектеп формасы, спорттық аяқ киім мектепке керекті құрал жабдықтар, сумка сұраныс бойынша қамтамас етті.
Мектептегі жетім, асыраушысынан айырылған, көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына «Жалпылама міндетті оқу қорынан» 35 балаға қаржылай көмек беруі туралы ауданға сұраныс жазылды. Жазғы сауықтыру демалыс лагеріне II – кезеңге 12 бала IV- кезеңге 12 бала, жалпы 24 бала жіберілді.
Тұздыбастау ауылының жеке кәсіпкері Садвакасов Дәулет мырза көпбалалы Исламова Айшаға 50,000 теңге қаражат төлеп, «Ущелье» сауықтыру демалыс лагеріне жіберді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамызда қабылданған «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралары туралы» №812 қаулысын және Алматы облысының 27 желтоқсан 2016 жылы №669-н бұйрығын жүзеге асыру мақсатында, Талғар ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы «Жалпыға бірдей білім беру айлығы туралы» бұйрық шығарылды. 2017 жылдың 01 қаңтардан-01-ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Акция өткізу барысында мектеп бойынша акцияның ұйымдастыру комитеті құрылып, бекітілді, акцияны өткізу жөніндегі іс-шара жоспары жасалды. Қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында бекітілген кестеге сәйкес рейдтер ұйымдастырылды.Осы акция барысында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары, жетім, жартылай жетім,көпбалалы отбасы балаларына қамқор болып жүрген демеушілерге сұраныс берілді. Тұздыбастау ауылының жеке кәсіпкері Садвакасов Даулет Қалелұлы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары Рысбай Аружан мен Жұмағазы Темірланға 15000 теңгеден екі оқушыға 30000 теңге берді. Ата-аналары өз қолдарымен алып, балаларына базардан аяқ киім мен қыстық куртқалар алып берді. Тұздыбастау ауылдық түріктер орталығының басшысы Агададиев Асанпаша мырза әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары Демеуов Абзал мен Азимов Ильшатқа қыстық куртка мен қыстық аяқ киім алып берді. Тұздыбастау ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Майшыбаев Батырбек мырза әлеуметтік жағдайы төмен отбасы баласы Сембекова Гулжазға куртқа, етік, такия, гамаж, наски алып берді. Тұздыбастау ауылдық ұйғыр орталығының басшы Бахияров Турганжан мырза әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары Абдусуванов Шахмурат пен Масалов Самирге куртка мен қыстық етіктер алып берді. Балаларды көптеген жерлерге қыдыртып, тамақтандырды. Қазақстан Республикасы Президентінің шыршасына 4 «г» сынып оқушысы Азиев Мухаммат, Аудан әкімінің шыршасына 4 «а» сынып оқушысы Мұхтаржанқызы Зарина қатысып келді. Нұрбастау шапағат қоғамдық қорының президенті Раханов Арман Халықұлы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына жаңа жылдық шырша ұйымдастырып, оқушыларға сыйлықтар таратты. 9 «з» сынып оқушысы Аканязова Алиямға мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Ауғанбаева Назгул сумка алып берді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары Оразалы Мейірманға «Нұрбастау» шапағат қоғамдық қорының директоры Турсунова Арзыгул ет және басқа да азық түліктер апарып берді

Похожие публикации:

28 октябрь 2017 Білім күні аясында
27 октябрь 2017 Мектеп ұжымы