ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Талғар ауданы әкімдігінің ‘Талғар ауданының білім бөлімі’ мемлекеттік мекемесінің
Әл – Фараби атындағы №31 жалпы білім беретін орта мектебі»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойынша 2020-2021 оқу жылындағы
орта білім беру ұйымдарына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
(2020жылдың 6 сәуірдегі №130 бұйрығына 15- қосымша)
2021- 2022 оқу жылы
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Әдістемелік тақырып:
«Құзыретті тұлға қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын сапалы білімге бағыттау»
Әдістемелік жұмыстың мақсаты:
оқыту мен оқу үдерісінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін сапалы білімге бағыттау.
- Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері.
• пәндер бойынша неғұрлым тиімді әдістерін таңдау арқылы сапалы білімге қол жеткізеді;
• сабаққа SMART мақсат қоя отырып, нәтижеге бағытталған білім береді;
• СТО стратегияларын сабақ өту үрдісінде тиімді қолданады;
• жас мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру жұмыстары нақты жолға қойылады;
• ЖБ негізінде критериалды бағалау арқылы сабақтардың сапасы көтеріледі;
• шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесі жинақталады және таратылады;
• мектепішілік іс-шараларға (Коучинг, шеберлік сыныптары) қатыса отырып, мұғалімдердің кәсіби деңгейі артады;
• мұғалімдер ОМЖ, ҚМЖ құрастырып, кері байланыс жасайды.
Табыс критерийлері:
-мұғалімдердің әр түрлі оқыту стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруы;
-мұғалімдер СТО стратегияларын игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде пайдалануы;
-коучинг пен тәлімгерлік үдерісінің жас мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталуы;
- ұжымда бірлескен жұмыстың жүзеге асырылуы, ынтымақтастық атмосферасының орнауы.
Бағыттары:
- әр пән бойынша білім беру қызметінің қорытындыларын талдау;
- оқу жоспарларының түрленетін бөлімдерін жасауға қатысу, оқу бағдарламаларының минимальды көлемі мен мазмұнына қойылатын талаптарға өзгертулер енгізу;
- оқылатын пәндер бойынша ықпалдасқан оқу бағдарламаларын қарастырып, баға беру және оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттары талаптарын толық меңгеруі үшін оларды сыбайлас пәндер бағдарламаларымен келістіру;
- әр пән бойынша оқыту-әдістемелік құралдардың қолжазбаларын және дидактикалық материалдарды талдау;
оқыту пәндері әдістемелері, мұғалімдердің біліктіліктері мен біліктілік санаттарын көтеру сұрақтары бойынша баяндамалар
дайындап, оларды талдау;
- оқыту сабақтарының жеке түрлерін өткізу әдістемелерін және олардың дидактикалық материалдарының мазмұнын талдау;
- оқушылардың зерттеу жұмыстары бойынша ұйымдастыру, басшылық ету және бақылау сұрақтарын қарастыру;
- оқыту көрнекілігін көтеру құралдарын (терминальды және дисплейлік кешендер, макеттер, стендтер, диафильмдер, кестелер т.б.), сондай-ақ оларды оқу процесіне қолдану әдістемелерін жасау және жетілдіру;
- әдістемелік бірлестік ішінде, сондай-ақ басқа да әртүрлі әдістемелік бірлестіктер мұғалімдерінің тәжірибе алмасу және пәндерді оқыту әдістемелерін жетілдіру мақсатында бір-бірінің сабақтарына қатысу;
- жұмыс бойынша тәжірибе алмасу мақсатында туыс және өзара қамтамасыз ететін әдістемелік бірлестіктермен біріккен отырыстар өткізу;
- жас мамандар мен аз тәжірибелі мұғалімдердің тәлімгерлерінің жұмысын тыңдап, ұйымдастыру;
- пәндер бойынша конкурстар, олимпиадалар, жарыстарды мектепте өткізу туралы ережелерді әзірлеу.
№ | Жұмыстың негізгі бағыттары | Іс-шаралар | Жауаптылары | Орындау мерзімі | |
1 | Әдістемелік күн Әдістемелік кеңес №1 | 1. 2020-2021 оқу жылындағы әдістеме бойынша жүргізілген жұмысқа талдау, 2021 -2022 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру 2. Әдістемелік пән бірлестігі жетекшілерінің жылдық жоспарын, шығармашыл мұғалімдер тобының құрамын, жас мамандар мектебінің жетекшісін және тәлімгерлерді бекіту. 3.Аттестаттау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу, аттестациядан өтетін мұғалімдердің тізімін бекітуге ұсыну 4. Пәндер бойынша күнтізбелік- тақырыптық жоспарларын бекітуге ұсыну | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары | Тамыз | |
2 | Мұғалімдермен жүргізілетін байқаулар | Мұғалімдермен жүргізілетін байқауларды жоспарлау | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары | ||
3 | Әдістемелік семинар, коучингтер | Жыл бойы өтілетін коучинг, семинарлар жоспарын құру | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары | ||
4 | Дарынды балалармен жұмыс | Дарынды баламен жұмыс жоспарын жасау | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары | ||
Пәндік олимпиадаларға қатысатын оқушылардың тізімін алу | |||||
5 | Білім алушылардың ғылыми қоғамы | Білім алушылардың ғылыми-қоғамының жұмыс жоспарын жасау, бекіту | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары | ||
6 | Пән онкүндіктері | Пән онкүндіктерінің өтілу кестесін жасау | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары | ||
7 | Озат тәжірибе насихаттау | Мұғалімдердің кәсіби деңгейін зерделеу, озат тәжірибе насихаттау жұмыс жоспарын құру | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары | ||
8 | Жас мамандармен жұмыс | Жас мамандарды анықтау, жұмыс жоспарын құру. | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары | ||
9 | Пән кабинеттерімен жұмыс | Пән кабинеттерін жаңа оқу жылына дайындау, кабинет меңгерушілерін міндеттерімен таныстыру | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары | ||
№ | Жұмыстың негізгі бағыттары | Іс-шаралар | Жауаптылары | Орындау мерзімі | |
1 | Мұғалімдердің білімін жетілдіру жұмыстары | Кәсіби біліктілік курстарынан өтудің перспективалық жоспарын құру | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары | Қыркүйек | |
2 | Әдістемелік семинар, коучингтер | 1«Математика пәнін қашықтан оқыту әдістемесі» | Назарова Р. | ||
2.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары» | Әлімқадыр А. | ||||
3."ББЖ/ТЖБ тапсырмаларын дайындауға қойылатын талаптар" | Молданова Ш. | ||||
4.Жас мамандармен психологтар тренинг өткізу | Мектеп психологтары | ||||
3 | Аттестация жұмысы | Аттестаттаудан өтетін мұғалімдерді аттестаттау ережесімен таныстыру. | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары | ||
4 | Дарынды балалармен жұмыс | Пән олимпиадасына қатысатын білім алушылар тізімін жасау. | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары Бірлестік жетекшілері | ||
5 | Білім алушылардың ғылыми қоғамы | Әр пән бойынша ғылыми жұмыспен айналысатын білім алушылар тізімін жасау | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары Бірлестік жетекшілері | ||
6 | Озат тәжірибе насихаттау | Зерттеу, жалпылау, тарату кезеңдері бойынша мұғалімдерді іріктеу. | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары Шығармашылық топ мүшелері | ||
7 | Жас мамандармен жұмыс | Мектеп құжаттарын жүргізу туралы инструктаж жүргізу. | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары Тәлімгерлер | ||
8 | Пән кабинеттерімен жұмыс | Кабинет жоспарын жасау. Техникалық қауіпсіздік журналын дайындау. Оқу кабинетінің төлқұжатын жасау. | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары Кабинет жетекшілері | ||
Мұғалімдердің сапалық құрамын жасап, аудандық білім бөліміне жіберу | Н.Ауганбаева | ||||
№ | Жұмыстың негізгі бағыттары | Іс-шаралар | Жауаптылары | Орындау мерзімі | |
1 | Әдістемелік семинар, коучингтер | «Білім сапасын арттыру мақсатында белсенді оқыту тәсілдерін анықтаудағыLESSON STUDY-дің ролі «Инновациялық жоба және оның тиімділігін бағалау әдістері» баяндама «Жақын арадағы даму аймағы арқылы оқушы білімін жетілдіру» «Орыс тілін оқытуда заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды қолдану» | Совет М. - математика пәні мұғалімі Құсайынова Ж. Сүлейменова М. Қонысбаева Қ. | Қазан | |
2 | Дарынды балалармен жұмыс | «Ақбота - 2021 » марафонына оқушыларды қатыстыру «IQanat» пәндік олимпиадасына 9- сынып оқушыларын қатыстыру | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары Бірлестік жетекшілері | ||
3 | Пән онкүндіктері | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі (04.10-15.10.2021ж) Орыс,ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі (18.10-29.10.2021ж) | Ауғанбаева Н Бірлестік жетекшісі | ||
5 | Пән кабинеттерімен жұмыс | Пән кабинеттердегі техника қауіпсіздік журналдарының жүргізілуін қарау. | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары Бірлестік жетекшілері | ||
6 | Білім алушылардың ғылыми қоғамы | «Жас ғалым» конференциясына, ЖОО ұйымдастырған конференция, байқау, семинарларға қатысу, ой алмасу | Джунисбекова М. | ||
7 | Кәсіби байқаулар | Қашықтықтан пәндік олимпиадаларға, байқауға кестеге сәйкес қатысу | Н.Ауганбаева МДҒӘІЖ орынбасары Бірлестік жетекшілері | ||