«Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» » "№31 орта мектебі"
"Алматы облысының білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Әл-Фараби атындағы №31 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 745-60-56
Эл.почта:
talgar_mektep31@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!»
09
август
2017

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!»

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!»атты 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс – шара өтті.

Мақсаты:Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы,

бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы.Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату – тәтті ғұмыр кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Бүгінгі шараның да мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Мектебімізде «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!»атты

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс – шара өтті. Бастауыш буын - 3 сынып арасында 3а – өзбек, 3ә – қазақ,

3б – азербайджан, 3г – орыс, 3д – корей – дүңған, 3ж – украин, 3з – ұйғыр. Әр ұлттың әдет – ғұрпын, тақпақ, би, көрме ұйымдастырып қорғап шықты.

5-11 сыныптар арасында «Достық» тақырыбына, Ұлттар достығын бейнелейтін суреттер, қабырға газетінің көрмесі ұйымдастырылды.Видео слаидты пайдаланып Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы туралы видеоролик көрсетілді. «Достық», «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» сынып сағаттары өтті.