SMART САЙЫС » "№31 орта мектебі"
"Алматы облысының білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Әл-Фараби атындағы №31 жалпы білім беретін орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 745-60-56
Эл.почта:
talgar_mektep31@mail.ru
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ноябрь
2022

SMART САЙЫС

“Farabi жастары” шығармашылық тобының ұйымдастыруымен өткен “SMARTсайыс” интеллектуалды ойынына қатысқан 5 команда 25 жас ұстаздар бүгінгі сайыс ұнады деген үміттеміз. Жастардың қадамдарына құт тілеп, қолдау көрсетіп, ақ тілегін арнап, бой көрсеткен Анаргүл Күлембекқызы бастаған мектеп әкімшілігіне алғысымыз шексіз. Біздің мақсат жастардың білімдерін сынау емес, шығармашылыққа, танымдыққа, топпен жұмысқа тарту, әлеуметтік желіні пайдалы жаққа пайдалануға, әлемдік кеңістікке шақыру болатын, мақсатымызға бір табан жақындадық деген сенімдеміз. Өтілу барысы, сұрақ құрастыру, топтастыру барлық көзге көрінбесе де уақытты көп алатын жұмыстарды бастан аяқ бірлікпен алып шыққан, өздеріне мені жетекші етіп тағайындап, ауызбіршілікпен атқарған топ мүшелеріне алғысымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын.